Сарсенов Серик Турарович

 

Сарсенов Серик Турарович 

Сарсенов Серик Турарович  26.08.1965 жылы Түрікменстан Республикасы, Ташауыз облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 

Жеті жасына дейін әке-шешесінің қолында тәрбиеленді. 1972 жылы аталған ауданның №73 орта мектебінің бірінші сыныбына барды.Пионер, 1980 жылдан бастап комсомол  қатарында болды. 1982жылы аталған мектепті бітірді. 

1983 жылы Түрікмен мемлекеттік пединститутына оқуға түсті. 1984-1986 жылдар Кеңес Армиясында қызмет етті. 

1990 жылы ТМПИ-ты аяқтап, Тельман ауданында №2 орта мектепте география пәні мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады. 1995 жылы Жаңаөзен қаласына көшіп келді. 1995-1998 жылдар аралығында №7 орта мектепте мұғалім, 1998-2000 ж.ж №3 орта мектепте директордың орынбасары, 15.06.2000 жылдан бастап №14 орта мектеп директоры, 18.01.2002ж -31.08.2007 жылдары Қалалық білім бөлімінің бастығының орынбасары, 01.09.2007 ж №17 орта мектеп директоры, 01.09.2009 жылы спорт мектебінің әдіскері, 2010-2011 жылдар ЖШС «ASIYA» мекемесінің директоры болып жасады. 

2011 жылдың 24.09. бастап күні бүгінге дейін  №17  орта мектеп директоры. Жанұялы жолдасы Нураева Ұлболсын №16 бастауыш мектебінің оқытушысы. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр. 

Мектеп директорының жетістіктері:

   

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл!