«№ 17 орта мектеп» мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік мекеме болып табылады. Мектеп өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге және облыс, аудан әкімдігінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырады.

Мектептің заңды мекен-жайы –Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Ө.Наятұлы көшесі.

Іс қағаздар номенклатурасы мемлекеттік мекемесінің ережелеріне сәйкес жасалып, аудандық мұрағатпен бекітілген. №17 орта мектепте білім беру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы жаңа Заңына сәйкес жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік бағдарламаны және оны іске асырудың 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, Жаңаөзен ҚББ «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы негізінде мектепішілік іс-шаралар жоспары жасақталған. 

  2016 жылғы 1 қыркүйектегі кабинеттердің саны- 23, сынып бөлмелері-26

Мектептің материалдық-техникалық базасы

2007 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта мектепке 1 химия каб, 1 интерактивті тақта алынды . 2012ж 1 интерактивті тақта  алынды.

2013ж 2 информатика кабинеті, 1 химия кабинеті жасақталды.

2014ж қазақ тілі және орыс тілі кабинеттері компьютерлермен, интерактивті тақтамен жабдықталды.

Медициналық кабинет жабдықталған.

Спорт зал , алаңдар, спорттық инвентарьлармен қамтамасыз етілген.

Логопедтік кабинеттер, ЛФК кабинеттері жоқ.

Пән кабинеттері жабдықталу үстінде. Мектепте пәндік семинарлар, жаңа пед -технологияларды тиімді пайдалану үрдісі қолға алынған. Мектептегі компьютер саны оқушыға шаққанда 1 компьютерге 19 оқушыдан келеді.Интерактивті сабақтар жоспарға сәйкес өтіп отырады. Мүмкіндігіне қарай электронды оқулықтармен жабдықталған. 

Мектеп паспорты құжатын жүктеу:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл!