Ашық сабақ тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың мақсаты: білімдік ; Оқушылардың мақал-мәтел туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру,мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал –мәтел  тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру.

Тәрбиелік: Ана тілін ардақтап,бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық  деңгейін,ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіру.

Түрі: Жаңа сабақ. Әдісі: Түсіндіру,іздендіру,сұрақ-жауап,ойын,талдау.

Көрнекілігі: Интеративті тақта,слайдтар,вен диаграммасы, тақырыптық кестелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру:Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушыларды топтастыру.  Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

2 Үй тапсырмасын тексеру.1 топ. Наурыз өлеңдерін жатқа айтады.

2 топ. Наурыз мерекесінде айтылатын бата-тілектер.

3топ. Наурыз мерекесінде жасалатын салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар.

2. Өтілген  білімге шолу жасау.

Қызығушылықты  ояту.

Ойқозғау.(Зымыран сұрақтар)

1 .Ауыз әдебиетінің түрлерін ата?

2 .Бірінші қай әдебиет пайда болды?

3 .Тұрмыс-салт жырларына қандай жырлар жатады?

4 .Қанатты сөздер дегеніміз не?

5.Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

4. Жаңа сабақ.

 Оқушылар біз бүгін  мақал-мәтелдер  туралы кеңінен мәлімет аламыз.Мақал- мәтелдердің тақырыптары әр түрлі болып келеді. Олар адамгершілік туралы,ерлік,батырлық жайлы.Достық,жақсы және жаман қасиеттер,төрт түлік туралы,егіншілікке байланысты т.б тақырыптары бар.Мақал-мәтелдер көркем сөйлеудің жемісі.Ойымыздың әдемілігінің белгісі. Слайдтағы тақырыптарды үш топқа бөліп беремін.Өз тақырыптарымыз бойынша еске түсіріп,мақал-мәтелдерді жазамыз.

1топ.Отан,туған жер, халық,еңбек, ерлік, батырлық туралы

2топ. Ынтымақ,бірлік, достық,жолдастық,оқу,білім, өнер  туралы.

3топ. Адамгершілік, жақсы-жаман қасиеттер, төрт түлік мал,кәсіп,егіншілік туралы

Салыстыру,венн  диаграммасы негізінде жүзеге асады.Мақал мен мәтелдің өзіндік ұқсастығы мен ерекшелігіне көңіл бөлеміз,мысалдармен дәлелдеу.

Кім тапқыр? ойыны.Мақал ма,мәтел ме? Жылдам ажырату.Слайд негізінде.

Слайд сұрақтары:Кәрі түлкі қақпанға түспес.

2 Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.

3. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

4Айдағаның бес ешкі ,ысқырығың жер жарады

Сабырлы жетер мұратқа,

Асыққан қалар ұятқа

Талапты ерге нұр жауар

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам

Мағынаны түсіну.Мақал-мәтелдерден керекті сөзді табыңыз.

Отан   да ыстық/ОТТАН/

Туған жердің   да шипа / суы/

Ат жақсысын мақта,адам   жақта  /жақсысын/

Аттан   озады /жүйрік/ Атадан озады   /бала/

Күлме кімге?

Жас келсе іске

Тіл не жарады?

Талаптыға не жауар?

Ашу не?

Ақыл не?

Қандай үй базар?

Сергіту сәті.

5 Топтық жұмыс.

 Бірінші топ.Оқушылық деңгей.Бірнеші сөздер беріледі;Ана,еңбек,дос,ел.

Мақал-мәтел құрап,оларды қатыстырып,бір-екі сөйлеммен өз сезімдеріңді білдіріңдер.

Екінші топ.Олгоритмдік деңгей.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді  үш тілде айтып бер.

Үшінші топ .Ізденімдік деңгей.Сәйкестендіру тесті.

Еңбек түбі -   зейнет

Бейнет түбі- береке

Ұрлық түбі-   бұлақ

Сөз анасы-   қорлық

Су анасы- құлақ

  6. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ.

7. Үй жұмысы.Мақал-мәтелдерді қатыстырып,  «Туған жер» тақырыбында шағын шығарма жазу.

 Абдырахманова Қаламқас Қанатбаевна 





Коучинг тақырыбы: Қалай оқу керектігін үйрету

Мақсаты: Өз бетінше оқу арқылы оқудың қалай жүретінін түсіндіру, ойлануға жүйелі түрде үйрету, танымдық қабілетін дамыту, оқу үдерісіне белсенді қатысу, қалай оқу керектігін үйрену  Түйінді идея: Оқушылар оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін қалай оқу керектігін білулер...

Тұрмыстағы дақтарды кетірудің жолдары

Металдардағы дақтарды кетіру. Біз бұл тарауда тұрмыс және өндіріс салаларында майлардан, сиялардан, сиялардан пайда болған маталардағы және киімдердегі табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдарын қарастырамыз. Ол үшін ең алдымен дақтардың құрамын және оның п...

«Брейн – ринг»

Сарсенов Мухтар Турарович, Маңғыстау облысы., Жаңаөзен қаласы №17 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Тақырыбы: «Брейн – ринг» - интелектуалдық сайыс сабақ Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, жаратылы...

”Адам ұрпағына тұқым қуалаушылықтың тигізер әсері”

Мақсаты:  Болашақ  ұрпағымыздың дені сау болуы үшін күресу, салауатты өмір салтын  ұстану, табиғатты қорғау, аялау, ұрпаққа таза күйінде жеткізу, адамгершілікке, имандылыққа баулу, насихаттау. Жұмыстың міндеті: Маңғыстау облысына қатысты соңғы кездегі қоршаған ортаның л...

«Достық еліне саяхат»

Оқушылардың қарым - қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру. ...

"«Алпамыс батыр» жырының құрылысы және кейіпкерлері" атты 6"в" сыныбына өткен ашық сабақ

Сәлемдесу.Сынып оқушыларын топтастыру.Оқушылар үш түрлі жетондардың бірін алып,сол түс бойынша өз тобына отырады. . « Ой қозғау» стратегиясы Ердің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса, Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан...

Алдымен сүй,ардақта ата анаңды

5 г сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас Сабақтың тақырыбы:Алдымен сүй,ардақта  ата анаңды Мақсаты: Бала бойына  сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қ...

Ашық сабақ тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер Сабақтың мақсаты: білімдік ; Оқушылардың мақал-мәтел туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру,мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал –мәтел  тіліміздегі сөздің көркі екен...

Ашық сабақ тақырыбы: « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»

5 б сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» Мақсаты: Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру.Оқушылардың өз анасына, барлық аналарға деген құрмет с...

"Сүйіспеншілік" Ашық сабақ. Рахманова

...

Соңғы жаңалықтар

«Брейн – ринг»

...

28 желтоқсан 2016