Алдымен сүй,ардақта ата анаңды

5 г сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас

Сабақтың тақырыбы:Алдымен сүй,ардақта  ата анаңды

Мақсаты: Бала бойына  сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға,ата-ана берген жақсы үлгілерін  нәтижелі етуге тәрбиелеу.Өз халқының  салт-дәстүрін,әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды,тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қанатты сөздер,мақал-мәтелдер,интеративті тақта,слайдтар.

Барысы: Мұғалім: Армысыздар, ардақты ұстаздар,ата-аналар! «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» атты тәрбие сағатын бастауға  рухсат етіңіздер!  «Адамға ең бірінші  білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ол келешекте  оның барлық өміріне  апат әкеледі» деп ұлы ғұлама Әбунасыр Әл-Фараби айтқандай, білім бере отырып елін, жерін сүйетін  азамат тәрбиелеу  үшін көп шәкірттің артында  үлкен отбасы  барын естен шығармауымыз керек.Олай болса балалар , көздеріңді жұмып өздеріңнің  отбасыларыңды,үйлеріңді  көз алдарыңа  елестетіңдер: Үйіміз қандай әдемі.

Бірінші кезең. Отанды  сүю отбасынан басталады.Сұрақ қою.  Слайдтан

Бірінші слайд «Отбасы»

Отбасы дегенді қалай түсінесің?

Отбасы мүшелеріне кімдерді кіргіземіз?

Екінші кезең.Кітаппен жұмыс.Слайд «Менің атым -Қожа» шығармасындағы  Қожаның әке туралы монологін оқиды.

Ертеде бір адам ғұламаға келіп:

Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген жөн?- деп сұрапты.

Ғұлама:

Балаңыз қаншада?- деп  өзіне сұрақ қояды.

Бес-ақ ай толды,- дейді әлгі кісі . Сонда ғұлама басын шайқап:

-Бес айға кешіккен екенсіз,- деген екен  ғұлама.Халық арасында кең тараған  бұл аңыздың  өзіндік мәні кең.

Үшінші кезең.  Әңгімелесейік.

Сұрақ-жауап  /Ата-аналармен/  слайд

Қара шаңырақ дегенді қалай түсінесіз?

Отбасының отын маздатып  жағатын  жандар кімдер?

Жылы ұя,құтты мекен дегенді қалай түсінесіз?

Атамекен, ата жұрт дегеніміз не?

Үш байлықты атап беріңіз?

Жеті  жоқты санап беріңіз?

Сабағымыздың үшінші кезеңі « Жағдаятты тапсырмалар»  деп аталады. Құрметті оқушылар,слайдқа назар аударып,жауап берейік.

Міне,балалар өздерің ата-ананы қадірлейтін  балалар екенсіздер. Ислам дінінде де ата-ананы құрметтеу туралы көптеген хадистер бар екен,солардың бірімен таныс болыңдар.Хадистерден үзінді әңгімелеу.

Сергіту сәті

Төртінші кезең« Топтарға тапсырмалар»днп аталады.

 Бірінші топ.Сөзжұмбақ шешеді.

Екінші т оп. «Жалғасын тап» ойынын ойнайды.

Үшінші топ оқушылары жұмбақтар шешеді.

Құрметті оқушылар,жалпы ата-ана туралы қанша айтсақ та аздық етеді.

«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің» - деп бабаларымыз бекер айтпаған.Сіздерге ортақ сұрақ қоямын. Ата-анаңды қалай қуантасыңдар?

Балалар өз жауаптарын ортаға салады.

-Ата-анама көмектесемін....

-Ата-анамның туылған күнінде сыйлық жасаймын...

-Ауырып қалса жанында боламын...

-Бестік баға алып,қуантамын...

«Жұмақтың кілті ананың табанының астында».

«Меккеге анаңды арқалап барсаң да,ақ сүтін өтей алмайсың»-деген даналы сөздер әрқашан өз мәнін жоймайды.

Сабақты қорытындылау.Оқушылардың шығармашылық деңгейіне көңіл бөлу.  Дәптермен жұмыс.Оқушылар отбасы,ата-ананы қадірлеу туралы слайдтағы мақал-мәтелдерді негізге ала отырып,шағын шығарма жазады.Оқып береді.

Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің-демекші,отбасында алған өнегені әрқашан аяқ асты етпей,ата-ананың сенімін ақтау басты борышымыз екенін ұмытпайық.Енді сөз кезегін ұстаздарға береміз.





Коучинг тақырыбы: Қалай оқу керектігін үйрету

Мақсаты: Өз бетінше оқу арқылы оқудың қалай жүретінін түсіндіру, ойлануға жүйелі түрде үйрету, танымдық қабілетін дамыту, оқу үдерісіне белсенді қатысу, қалай оқу керектігін үйрену  Түйінді идея: Оқушылар оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін қалай оқу керектігін білулер...

Тұрмыстағы дақтарды кетірудің жолдары

Металдардағы дақтарды кетіру. Біз бұл тарауда тұрмыс және өндіріс салаларында майлардан, сиялардан, сиялардан пайда болған маталардағы және киімдердегі табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдарын қарастырамыз. Ол үшін ең алдымен дақтардың құрамын және оның п...

«Брейн – ринг»

Сарсенов Мухтар Турарович, Маңғыстау облысы., Жаңаөзен қаласы №17 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Тақырыбы: «Брейн – ринг» - интелектуалдық сайыс сабақ Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, жаратылы...

”Адам ұрпағына тұқым қуалаушылықтың тигізер әсері”

Мақсаты:  Болашақ  ұрпағымыздың дені сау болуы үшін күресу, салауатты өмір салтын  ұстану, табиғатты қорғау, аялау, ұрпаққа таза күйінде жеткізу, адамгершілікке, имандылыққа баулу, насихаттау. Жұмыстың міндеті: Маңғыстау облысына қатысты соңғы кездегі қоршаған ортаның л...

«Достық еліне саяхат»

Оқушылардың қарым - қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру. ...

"«Алпамыс батыр» жырының құрылысы және кейіпкерлері" атты 6"в" сыныбына өткен ашық сабақ

Сәлемдесу.Сынып оқушыларын топтастыру.Оқушылар үш түрлі жетондардың бірін алып,сол түс бойынша өз тобына отырады. . « Ой қозғау» стратегиясы Ердің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса, Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан...

Алдымен сүй,ардақта ата анаңды

5 г сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас Сабақтың тақырыбы:Алдымен сүй,ардақта  ата анаңды Мақсаты: Бала бойына  сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қ...

Ашық сабақ тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер Сабақтың мақсаты: білімдік ; Оқушылардың мақал-мәтел туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру,мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал –мәтел  тіліміздегі сөздің көркі екен...

Ашық сабақ тақырыбы: « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»

5 б сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» Мақсаты: Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру.Оқушылардың өз анасына, барлық аналарға деген құрмет с...

"Сүйіспеншілік" Ашық сабақ. Рахманова

...

Соңғы жаңалықтар

«Брейн – ринг»

...

28 желтоқсан 2016