"«Алпамыс батыр» жырының құрылысы және кейіпкерлері" атты 6"в" сыныбына өткен ашық сабақ

Сәлемдесу.Сынып оқушыларын топтастыру.Оқушылар үш түрлі жетондардың бірін алып,сол түс бойынша өз тобына отырады. . « Ой қозғау» стратегиясы
Ердің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі - Алпамыс.

2.
2. Үй тапсырмасын сұрау

Ендеше, “Алпамыс батыр” жырының тақырыбы қандай? /ерлік, батырлық, отанын қорғау/
Идеясы: Өз елін жаудан қорғау арқылы Алпамыстың батыр бейнесін ашу.
Қызығушылығын ояту.

. Жырдың мазмұнын сұрау,жоспар негізінде..

3.Үй тапсырмасын қорытындылау

Алпамыс батыр жырының эпостық жыр деп аталуы неліктен?
Батырлар жыры немесе қаһармандық эпос - халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан - жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелейді. Сондай батырлық жырлардың бірі - " Алпамыс батыр" жыры.
- Жырдың тақырыбы мен халық арманының қандай байланысы бар?
Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жақсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған.
4 .Жаңа сабақ.

.І топ Сатылай кешенді талдау технологиясы  негізінде жырға композициялық талдау.жасаймыз. (парақша тарату)

Басталуы
Байбөрінің қайғысы
Дамуы
Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге келуi.
Шиеленісуі
Алпамыстың сүйген жары Гүл¬баршынды iздеп барып, Гүлбаршынды алып елiне келуi.
Шарықтау шегі
Елiн шапқан қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа аттануы
Шешімі
Жетi жылдан соң елiне Ұлтанның көзiн жойып, азып - тозған елiн мақсат - мұратына жеткiзуi.
ІІ топ. Жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.Бұл жырда біздің қазақ халқының наным-сенімдері,салт-дәстүрлеріміз,сондай-ақ ескіріп бара жатқан дәстүлеріміз де бар.Мысалы,әулиеге түнеу,түс  жору,ежеғабыл салты-ол үлкендердің туылмаған балаларын атастыру.Мұрагерлік туралы,барымта,аңшылық т.б оқиғалар. 
Теңеу Эпитет Гипербола Аллитерация Ассонанс (оқушылардан бірінші сұрап көру. Слайдқа ережені енгізу)
Ұлтанға-Кепедей, төбедей, ошақтай, пышақтай, зындандай, жыландай, т. б. --Қанды жас. Жас берен. Көк даңғыл Ауыздықпен алысып, Ұшқан құспен жарысып...
Бір күн шапса Шұбар ат Айлық жер алып береді. Тозып кеткен ел – жұртын тегіс жиып алады.
Тентегі мен телісін
Түзетіп жөнге салады. Алпамыс атты жас берен
Атқа мінген бола ма?!
Алдынан шығып сол ердің
Жылқысын берсем ала ма?
ІІІ топ. Сөздікпен жұмыс
Тірсек - Жан - жануардың артқы аяғы мен адам аяғының бүгіліп - жазылуына қажетті сіңір; қылтаның жоғарғы тұсы.
Телі - Тентек, Есер, содыр - сотқар.
Әулиеге түнеді - қадірлі, қасиетті, жақсы тілеу тілеп, әулиеге табынды.
Әзірет - дінбасы, молда, ғұлама.
Аса - дәрежелі адамдар /хан, би, қожа т. б./ қолына ұстайтын ерекше таяқ.
Машайық - ақылды адам, абыз.
Сәруар - қожа, ие, пір.
Берен - өжет, өткір.
Қабынды - желігу, желпіну.
Сергіту сәті.

Топтық тапсырмалар.

Кейіпкерлер әлемі
І топ. Жағымды - жағымсыз
ІІ топ. Достары - жаулары
ІІІ топ. Сұлулық - сұрқия
Қазір әр топ кейіпкер талдағанда мақал - мәтелмен бастайды, Қандай? сұрағына жауап беріп, жырдан үзінді тауып оқиды.
Ітоп: Дос – Алпамыс, Байбөрі.
«Алпамыс - досқа берік, жауға мейірімсіз»
Қандай?
Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескенбейтін, қорықпайтын, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетін, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр.
Ауызына қарадым –
Сұлуды таңдап сүйгендей,
Келбетіне қарадым –
Қамқаны таңдап кигендей,
Қабағы қалың сол бала,
Тіпті шұнақ сол бала,
Шұбар ат мініп келеді,
Сол шұбардың дүбірі
Құлағыма келеді.
Мен білмеймін, тап сонан
Қандай адам өледі?!
Жылағанда көзіме
Қанды жасым тола ма?!
Тауға біткен бәйшешек
Қуарса бір күн сола ма?!
Жейделі байсын жерінен,
Қоңырат деген елінен
Алпамыс атты жас берен
Атқа мінген бола ма?!
Алдынан шығып сол ердің
Жылқысын берсем бола ма?!
Жылқысының кегіне –
Қызымды берсем бола ма?!
Ер баласы ер еді –
Кегін алмай қояр ма?!
ІІ топ: Сұлулық – Гулбаршын, Аналық, Қарлығаш, Қаракөз.
«Гүлбаршын – жақсы әйел - жігітке біткен бақ»
Қандай?
Сұлу қыз ғана емес халықтың салт дәстүрге, сертке берік, адамдық ар - намыс жолынан айнымайтын адал әйел. Нағыз қазақ қызы. Әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын көрікті, ақылды, өр мінезді әйел.
Гүлбаршын сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй деді:
«Етегім бе, жеңім бе,
Өлең менің теңім бе,
Айналайын, құдай - ау,
Осы менің бегім бе?
Құдай салсын аузыма
Бегім келсін қасыма.
Айналайын құдай – ау!
Жалғызымның даусы ма?
Абырой берсін сөзіме,
Көрінеді осы адам
От жалын болып көзіме.
Айналайын құдай – ау,
Осы тұрған диуана
Жалғызымның өзі ме?!»
ІІІ топ: Жау - Ұлтан, Тайшық хан.
«Ұлтан - жау жоқ деме жар астында»
Қандай?
Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немере ағасынан туылған бала, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, Алпамыс секілді ел қамқоршысы емес, өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін зорлықшыл, мейірімсіз жан.
Бір түрлі болды нұсқасы...
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей.
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінеді оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай.
Иегі бар сеңгірдей,
Бір батыр болды сол күнде - ай!
Байбөрі мен Құлтайға
Алжыған қақбас дер еді,
Ер жеткен соң күніне - ай!
Малда, жанда нең бар деп,
Намаздыгер болғанша
Жолатпай қойды үйіне - ай!
Есіткен адам зар жылар,
Жыландай заһар тіліне - ай!
3. Қорытынды.Сөзжұмбақ шешеді Қобыланды батыр жыры мен Алпамыс батыр жырында ұқсастық пен ерекшеліктер бар ма?
-- Жырдың тәрбиелік мәні бар ма?
Батырлар жырының тәрбиелік мәні бар. Жырда батыр қай кезде де бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу — батырдың ерлігімен болатын іс.
Кері байланыс:Парақшалар таратылады.
Оқушыларға таратылады, балалар жауап жазады. .
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге тапсырма: "Батыр туса - ел ырысы" шығарма жазу
Оқушылардың білімін бағалау.
Оқушыларды  түрлі түсті жетондармен бағалау.

Абдырахманова Қаламқас Қанатбаевна

 Ашық сабақтың қорытынды презентациясы төменде көрсетілген





Коучинг тақырыбы: Қалай оқу керектігін үйрету

Мақсаты: Өз бетінше оқу арқылы оқудың қалай жүретінін түсіндіру, ойлануға жүйелі түрде үйрету, танымдық қабілетін дамыту, оқу үдерісіне белсенді қатысу, қалай оқу керектігін үйрену  Түйінді идея: Оқушылар оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін қалай оқу керектігін білулер...

Тұрмыстағы дақтарды кетірудің жолдары

Металдардағы дақтарды кетіру. Біз бұл тарауда тұрмыс және өндіріс салаларында майлардан, сиялардан, сиялардан пайда болған маталардағы және киімдердегі табиғаты әр түрлі дақтарды кетірудің, кейбір жолдарын қарастырамыз. Ол үшін ең алдымен дақтардың құрамын және оның п...

«Брейн – ринг»

Сарсенов Мухтар Турарович, Маңғыстау облысы., Жаңаөзен қаласы №17 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Тақырыбы: «Брейн – ринг» - интелектуалдық сайыс сабақ Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, жаратылы...

”Адам ұрпағына тұқым қуалаушылықтың тигізер әсері”

Мақсаты:  Болашақ  ұрпағымыздың дені сау болуы үшін күресу, салауатты өмір салтын  ұстану, табиғатты қорғау, аялау, ұрпаққа таза күйінде жеткізу, адамгершілікке, имандылыққа баулу, насихаттау. Жұмыстың міндеті: Маңғыстау облысына қатысты соңғы кездегі қоршаған ортаның л...

«Достық еліне саяхат»

Оқушылардың қарым - қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру. ...

"«Алпамыс батыр» жырының құрылысы және кейіпкерлері" атты 6"в" сыныбына өткен ашық сабақ

Сәлемдесу.Сынып оқушыларын топтастыру.Оқушылар үш түрлі жетондардың бірін алып,сол түс бойынша өз тобына отырады. . « Ой қозғау» стратегиясы Ердің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса, Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан...

Алдымен сүй,ардақта ата анаңды

5 г сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас Сабақтың тақырыбы:Алдымен сүй,ардақта  ата анаңды Мақсаты: Бала бойына  сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қ...

Ашық сабақ тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер Сабақтың мақсаты: білімдік ; Оқушылардың мақал-мәтел туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру,мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал –мәтел  тіліміздегі сөздің көркі екен...

Ашық сабақ тақырыбы: « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»

5 б сыныбына өткен ашық тәрбие сабақ. Өткізген:  Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдырахманова Қаламқас « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» Мақсаты: Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру.Оқушылардың өз анасына, барлық аналарға деген құрмет с...

"Сүйіспеншілік" Ашық сабақ. Рахманова

...

Соңғы жаңалықтар

«Брейн – ринг»

...

28 желтоқсан 2016